Samsung Galaxy S4 Active смартфонының бағасы белгілі болды

Samsung Galaxy S4 Active смартфонының бағасы белгілі болды

Жақында ғана біз сіздерге таныстырған Samsung Galaxy S4 Active смартфонының бағасы енді белгілі болды. Осы күнге дейін шаң-тозаң мен ылғалдан қорғана алатын сегментте жапондық Sony монополист болып келгені белгілі. Енді оған бәсекелестікті корейлік алпауыт Samsung тудыратын болады. Тіпті оны ығыстырып шығаруы да мүмкін. Оған себеп дәл осындай қымбат смартфондар арасындағы оның бағасының арзандығы болып отыр. Сонымен алғаш болып ТМД елдері арасында Ресейде сатылымға шығатын смартфон бағасы 29 990 рубльді (шамамен 150 000 теңге) құрайтын болады.

Samsung Galaxy S4 Active – соңғы кезде ең танымал болған Galaxy S4 моделінің IP67 сертификаты бойынша (шаң-тозаң мен ылғалдан қорғана алатын және де тереңдігі 1 метр суда 30 минут бойы бола алатын)  жасалған жаңа нұсқасы.

1

Енді смартфонның Galaxy S4 моделінен негізгі айырмашылықтарына тоқталсақ:

  • Өзгеше дизайн, механикалық батырмалар;
  • Корпус қалыңдығы 9,1 мм (S4 моделінде 7,9 мм болған);
  • Салмағы 151 грамм (S4 130 граммды құраған болатын);
  • 8 Мп камера (13 Мп S4);
  • Су астында суретке түсіруге арналған Aqua Mode режимі;
  • TFT экраны (Super AMOLED орнына).

Классикалық Samsung Galaxy S4 екі нұсқада сатылса: Samsung Exynos Octa 5 5410 LTE технологиясынсыз және Qualcomm Snapdragon 600 LTE технологиясымен. Ал қорғанысы бар Samsung Galaxy S4 Active тек бір нұсқада ұсынылады - Qualcomm Snapdragon 600 LTE технологиясымен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: techradar.com, mobidevices.ru

 

Б. Қосмағамбет