Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Кіріс қоңыраулары кезінде формасын өзгертетін жаңа смартфон

Кіріс қоңыраулары кезінде формасын өзгертетін жаңа смартфон

Кіріс қоңыраулары кезінде формасын өзгертетін жаңа смартфон

Канадалық Квинс университетінің зерттеушілер тобы телефонға кіріс қоңыраулары мен хабарламалар түскен кезде өз формасын өзгерту арқылы иесіне белгі бере алатын MorePhone атты жаңа смартфон жасап шықты. Телефон осы қасиетінің арқасында басқа ұялы аппараттардан ерекшеленеді. Онда британдық Plastic Logic компаниясының электронды қағаз технологиясы бойынша жасаған жұқа майысқақ дисплейі орнатылған. 

Ал дисплей астында телефон формасын өзгерте алатын балқытылған металл қорытпасы жапсырылған. Құрылғы толықтай да немесе үш бұрышынан да майыса алады. Әр бұрышындағы майысу процесі телефон иесіне белгілі бір ақпарат береді. Мысалы, телефонның жоғары оң жақ бұрышы майысса, онда SMS хабарлама келді деген сөз. Ал төменгі оң жақ бұрышы өзгеріке ұшыраса, электронды поштаға хабарлама келгеннің белгісі.

MorePhone құрастырушыларының пікірінше, болашақтағы смартфондар осындай иілгіш формада жасалынбақ екен. Сондай-ақ олар "мофондар" алдағы 5-10 жылда жаппай сатылымға шығады" деген болжамдарын да айтты.  

Осы телефонның бір нұсқасы 29-сәуір күні Париждегі ACM CHI 2013 көрмесінде көпшілікке ұсынылатын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

965 3
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 28 сәуір 2013, 17:32
Пікірлер
+0
29 сәуір 2013, 10:55

ыңғайсыз ғой, қалтаңда тұрғанда қайтеді сонда құрсын

+0
29 сәуір 2013, 11:35

Ал егер түзу жерде жатып, сосын бүгіліп құлап қалса ше?

+0
12 мамыр 2013, 10:40

шыныменде ынгайсыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...