Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Бүгін бір топ жануар ғарышқа аттанды

Бүгін бір топ жануар ғарышқа аттанды

Бүгін бір топ жануар ғарышқа аттанды

Бүгін Астана уақытымен 16.00-де "Бион-1М" спутнигі "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы арқылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Айта кетелік, спутник бортында моңғол тышқандары, геккондар, цихлид балықтар, сонымен қатар, түрлі микроағзалар, өсімдіктер, қолдан жасалған метеориттер бар.

ь

Осы орайда сұхбат берген Ресей ғылым академиясының медбиологиялық институтының ғылыми қызметкері Евгений Ильин: "Ғарыш аппараты 575 мың километр биіктіктегі эллиптикалық орбитаға шығарылды. Қосымша салмақ ретінде "Бионмен" бірге, Самара аэроғарыш университетінің студенттері құрастырған "Аист" спутнигі, Берлин техникалық университетінде жасалған G.O.D.Sat, Beesat-2, Beesat-3 және SOMP спутниктері, сонымен қатар, америкалық DOV-2 спутнигі жіберілді", - деді.

Астана уақытымен 16.09-да "Союз" зымыран-тасығышынан бортындағы G.O.D.Sat, Beesat-2, Beesat-3, SOMP, DOV-2 және "Аист" микроспутниктерімен бірге "Бион" спутнигі бөлінді. Ары қарай микроспутниктер биоспутниктен өздігінен бөлініп кете береді. Есеп бойынша, G.O.D.Sat "Бионнан" Астана уақытымен 20.12-де, Beesat-2, Beesat-3, SOMP және DOV-2 21 сәуір күні, шамамен 46 сағат 15 минуттан кейін ажырайды. Ал 52 сағат 20 минуттан соң ресейлік "Аист" микроспутнигі бөлінеді.

Бионның қону аппараты бортындағы тірі жануарлармен бірге, бір айдан соң Қазақстан жеріне түседі. Айта кетелік, ғарышқа аттанған жануарлардың бірі моңғол тышқандары бұған дейін "Фотон-М3" спутнигі арқылы 2007 жылы ғарышқа ұшқан болатын. Ғалымдар бұл жолы тірі ағзаларды бір айға ғарышқа аттандыру арқылы ұзақ уақыт салмақсыздықта болудың ағзаға әсерін зерттеуді мақсат етіп отыр.

"Бион" бортында, сонымен қатар, биотехнологиялық тәжірибелер жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, ғарышта ақуыз кристалдары өсіріледі, биодеградация эксперименттері өткізіледі.

Ал қолдан жасалған метеориттер спутниктің сыртына орналастырылған. Олар осылайша ғарыш радиациясына душар болады. Ал жерге түсу кезінде кәдімгі метеориттер ұшырайтын өте жоғарғы температураға, қысымның күрт өзгеруіне тап болады.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін 15 ақпан күні Челябинск қаласының маңына метеорит түскендігін айтқан болатын. Бұдан кейін 22 наурыз күні АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінің үстінен метеорит ұшып өткендігі хабарланған еді. Осы орайда Ресей Федерациясындағы "ЛДПР" партиясының басшысы Владимир Жириновский Челябинскіге түскен метеоритті АҚШ-тың жаңа қаруы деп ойлайтындығын айтып, пікір білдірген болатын.

Бұдан соң, НАСА ғаоымдарының ғарыш болидтерін қағып алатын пилотсыз ғарыш кеме құрастырып шығуды жоспарлап отырғандығы айтылған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ria.ru

1431 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 19 сәуір 2013, 17:30
Тегтер: Бион-1М, Байқоңыр,
Пікірлер
+0
19 сәуір 2013, 17:34

байқұс тышқан ай...

+0
01 шілде 2013, 13:31

алиде жаныуар ушырады екен го ееееее ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...