Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Компьютерді алыстан басқару

Компьютерді алыстан басқару

Компьютерді алыстан басқару

Көп жағдайда жұмыс компьютеріндегі файлдарды үйдегі ноутбукқа немесе десктопқа көшіріп алу қажеттілігі туындайды. Ал жұмысқа қайта оралғың келмейді. Бұндай жағдайда не істеуге болады? Әрине, кеңседегі күзетшіге қоңырау шалып, оның сізге керекті файлды электронды пошта арқылы жіберуін өтінуге болады. Болады, бірақ, ол кісіге қаншалықты сенімдісіз? Бұл идеядан айнып кеттіңіз. Солай емес пе? Біз сізге басқа шешім таптық.

Адам болғасын, бір нәрсені ұмыту бізге тән қасиет. Керекті ақпаратты флеш жадыға көшіреміз деп, ұмытып қаламыз. Бір жерде орналасқан компьютер файлдарын екінші компьютерге көшіріп алу қажеттілігі өте жиі кездеседі. Бұл мәселенің шешімі табылды

Бүгін біз коммерциялық емес қолданылуда тегін таратылатын "Teamviewer" компьютерлік бағдарламаға шолу жасамақпыз. Оның көмегімен сіз бір компьютерден екінші компьютерге керекті ақпаратты алыстан көшіріп алу мүмкіндігіне ие боласыз. Сондай-ақ, компьютерді алыстан басқара аласыз. Бұл операцияларды орындау үшін ғаламторға қосылған компьютерлер мен "Teamviewer" бағдарламасы қажет. Екі компьютерге де осы бағдарламаны орнатамыз.

1 қадам

Браузерге http://www.teamviewer.com/ru/ мекен жайын енгіземіз де, толық, тегін нұсқаны көшіріп аламыз.



2 қадам

Жүктелген бағдарламаны іске қосамыз. Ашылған терезеден "Установить" пернесін таңдаймыз.

3 қадам

Лицензиялық шартпен келісіп, "Далее" пернесін басамыз.

4 қадам

Бағдарлама орнатылып болғаннан кейін, осындай терезе ашылады.

Өз ID мен кілт сөзді көшіріп алыңыз немесе әріптесіңізге хабарласып айтыңыз. Не болмаса өзіңіз басқарып отырайын деп отырған компьютердің ID енгізіңіз. Кейін ашылған терезеге кілт сөзді енгізіңіз.

5 қадам

Ашылған терезеден компьютеріңізді толықтай басқара аласыз. Файлдарды да көшіре алу мүмкіндігіне ие боласыз. Ашылған терезеде жұмыс компьютеріңіздің "жұмыс үстелі" көрсетіледі. Өзіңізді тура жұмыста отырғандай сезіне аласыз.

Ең бастысы басқарайын деп отырған компьютеріңіз әрқашан электр энергия қорегі мен ғаламторға қосулы болуы тиіс. Өзіңіз көргендей бұл операцияларды орындау еш қиындық туғызбайды. Іске сәт!

Cурет: semiurg.ru

6275 28
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 10:02
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 10:55

Бір кісінің қандай сайттарға кіретінін білу үшін ұрланып барып осы бағдарламаны оның компына орнатып қоясың да, рахат сосын өз компыңда отырып алып, оның не істеп, не қойып отырғанын бақылай аласың :lol: Қызық емес пе? :D

+0
02 сәуір 2012, 11:04

Не бүлдіріп жатқанын көресің :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 11:54

Қайеке Радминмен де кіруге болады деп естігенмін! Ол мүмкін бе?

+0
02 сәуір 2012, 11:55

Радминді мен де естігем, бірақ ыңғайсыз дид. Ол еще тегін емес

+0
02 сәуір 2012, 11:59

Ал егер пиратски лицензиямен ше?

+0
02 сәуір 2012, 12:01

Радмин ыңғайлының ыңғайлысы!!! рутрекер аман болсын, взломанныйын тауып алуға болад, өзім юзать етіп журм ;)

+0
02 сәуір 2012, 11:16

кімде қандай ID?!

+0
02 сәуір 2012, 11:22

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 11:25

давай айтыңдар қызық болсын :lol:

+0
02 сәуір 2012, 11:37

Асеке ID фстудию))

+0
02 сәуір 2012, 11:40

жооқ, бірінші айтқан мен Қайреке! :lol:

+0
02 сәуір 2012, 11:53

бағдарлама сізге айди береді сол арқылы алыстан комты басқара аласың

+0
02 сәуір 2012, 11:57

Қалай незаметно, білдірмей кіруге болады? :?:

+0
02 сәуір 2012, 11:59

Білмейді екем, әзірге)) Асеке, білетін болар. Хэлп

+0
02 сәуір 2012, 12:02

Радминде просмотр деген функция бар, сомен кіруге болад! Тек қарап отырасың!

+0
02 сәуір 2012, 13:20

http://www.softzone.kz/qazaq-soft/i-net/738-teamviewer-kazakh.html қазақша, тек Нұсқасы: 3,0,3740

+0
02 сәуір 2012, 13:25

осыны жазвалу керек

+0
02 сәуір 2012, 13:33

Айтпақшы! Үйден қосылу үшін, интернет жылдамдығы аз дегенде қандай болу керек?

+0
02 сәуір 2012, 14:18

ашылмай тұр ғо, Дәке?

+0
02 сәуір 2012, 14:25

Softzone жаңартылуда тұрған шығар, кейінірек тағы талыпынып көрерсің

+0
02 сәуір 2012, 13:31

колданып журген программам))))))))))))

+0
02 сәуір 2012, 13:44

Мысалы үйден жұмыстағы компьютерге қосылу үшін, интернет жылдамдығы кем дегенде қанша болу керек????????

+0
02 сәуір 2012, 13:46

Қазір бұрыңғыдай заман емес қо dial-up-пен кіретін. Мегалайнның старты жететін болар кем дегенде

+0
02 сәуір 2012, 13:54

Менікі GPRS кой! Оның жылдамдығы 64 кбит/с! Бұл болмай ма?

+0
02 сәуір 2012, 13:59

аздау екен,256-515 кбит жететін болар

+0
02 сәуір 2012, 14:01

орнатып алайын қазір :roll:

+0
03 сәуір 2012, 18:21

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...