Түсі ақ емес қоңыр: Адам сүйектері туралы қызық деректер

Түсі ақ емес қоңыр: Адам сүйектері туралы қызық деректер
Фото: gb12-barnaul.ru

Ғалымдардың пікірінше, адам мен жануарлардың қаңқасы эволюцияның таңғажайып үлгісі. Бұл биологиялық құрылымның әрбірінің өзінің орны мен атқаратын қызметі бар. Яғни, әрбір сүйектің күрделі сағат механизміндегі беріліс сияқты белгілі бір пішіні, өлшемі, құрылымы және қаңқада орналасуы болады. Адам ағзасында 206 сүйек бар деп айтылады. Бірақ бұл нақты емес. Өйткені  сүйек саны 200-ден 213-ке дейін болуы мүмкін. Бұл көптеген ұсақ сүйектің жас ұлғаюымен бірге өсуіне байланысты. Айтпақшы, олар әдетте ақ емес, қоңыр түсті келеді.

Қаңқаның қай сүйектері сынғыш келеді?

Ең сынғыш сүйек– бұл иықты пен төс сүйегімен байланыстыратын бұғана. Бірақ бұғанадан гөрі қабырғалар көп сынады. Әсіресе адамдар 5-8-қабырғасын жиі сындырады.

Сүйектер арасында кең таралған ауру

Ең жиі кездесетін сүйек ауруы – остеопороз, онда сүйектер нәзік және сынғыш келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша бұл ауруға Еуропа, АҚШ және Жапонияның 75 миллион азаматы  шалдыққан. Оның үстіне, Еуропада остеопорозбен байланысты сүйек сынықтарынан өлетін адамдар қатерлі ісікке қарағанда көбірек. Сондықтан оны дәрігерлер ХХІ ғасыр дертінің бірі санайды.

© altamedica.com.ua

Бұл қандай ауру және қалай пайда болады?

Остеопороз – бұл зат алмасуының бұзылуымен байланысты жүйелі ауру. Бұл сүйек метаболизмінің бұзылуы нәтижесінде сүйек тығыздығының төмендеуіне әкеледі.

Еуропада қатерлі ісікке қарағанда остеопороздан көп адам өледі. Фото.

Бұл аурудың дамуына әсер ететін әртүрлі себептер бар: генетикалық бейімділік, өмір салты, физикалық белсенділік, созылмалы аурулардың болуы, дәрі-дәрмек, қартаю және т.б.

© studfile.net

Қаңқаның құрамына кірмейтін сүйектер

Егер сіз адам ағзасындағы барлық сүйектер қаңқаның бір бөлігі деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың кейбіреулері өздігінен орналасады, яғни қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Оның бір мысалы ретінде "адам денесіндегі жалғыз сүйек" деп аталатын тіл астындағы сүйекті (os hyoideum) атауға болады. Ол тілдің түбінде орналасады және басқа сүйектермен жанаспайды, буындары болмайды.

Тіл астындағы сүйек V-тәрізді. Ол қалқанша шеміршек пен иек арасында орналасқан. Осы құрылымның арқасында адам тілі қозғалмалы және әртүрлі дыбыстарды шығарады.

Сондай-ақ есту сүйекшелері қаңқаға жатпайды. Олар тек бір-бірімен байланысқан. Бұл сүйектер дыбыс тербелістерін ішкі құлаққа жеткізеді. Яғни, осы сүйектердің арқасында біз белгілі бір жиілік диапазонында әртүрлі дыбыстарды ести аламыз.

© s1.1zoom.me

Эйфель мұнарасы жіліншік сүйегіне ұқсас етіп құрылған

Жоғарыда біз адам қаңқасындағы қандай сүйектердің сынғыш келетінін білдік, енді ең күшті сүйекке тоқталамыз. Адам қаңқасындағы ең қатты сүйек – жіліншік.  Сыртқы түріне қарап бұл сүйекті сынғыш деп ойлауыңыз мүмкін бірақ ол – 1650 кг жүк көтере алады.

Эйфель мұнарасы адамның жіліншік сүйегі принципі бойынша жасалған. Бұл факт сәулетші Эйфельге жақсы белгілі болды, сондықтан ол адам сүйегіне ұқсас мұнараны жобалады – мұнараның тіреуіштері жіліншікке ұқсас түрде бөлінеді. Бұл құрылымға ауыр жүкке төтеп беруге мүмкіндік береді.

Т. Раушанұлы