Криштиану Роналду — оқырманы ең көп жұлдыз

Криштиану Роналду — оқырманы ең көп жұлдыз
Фото: noticiasaominuto.com

Криштиану Роналду — инстаграм парақшасындағы жазылушылар саны 180 миллионға жеткен алғашқы танымал адам.

Португалиялық футбол жұлдызының танымалдығы сонша, тіпті, жазғы демалыс маусымында да  инстаграм парақшасындағы жазылушылар саны қарыштап өсуде. Елестетіп көріңізші: Криштиану небәрі 2 ай 11 күнде 10 миллион жаңа оқырман жинады, яғни оның аккаунтындағы жаңа жазылушылардың орташа бір күндік саны – 139 мың. Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұл Андорра халқынан бір жарым есе көп.

"Ювентусқа" ауысқаннан бері Роналдудың инстаграмдағы жазылушылар саны 46 миллионнан астам адамға көбейген.

Осыған орай инстаграм желісіндегі ең атақты адамдардың тізімін беруді жөн көрдік. Өсу маусым айынан бастап есептелген.

Криштиану Роналду (футболист, Португалия): 180 миллион жазылушы (+10 миллион); 
Ариана Гранде (әнші, АҚШ): 162,72 миллион  (+5,8 миллион); 
Селена Гомес (әнші, АҚШ ) 155,23 миллион (+3,4 миллион);  
Дуэйн Джонсон (киноактёр, АҚШ): 153,75 миллион (+8 миллион); 
Ким Кардашьян (фотомодель, АҚШ): 146,23 миллион (+5 миллион); 
Кайли Дженнер (фотомодель, АҚШ): 144 миллион (+2,5 миллион);
Бейонсе (әнші, АҚШ): 132 миллион (+3,8 миллион).

А. Оралқызы