Адам ағзасы туралы қызықты мәліметтер

Адам ағзасы туралы қызықты мәліметтер
Фото: golbis.com

Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамда да соншалықты буын бар. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды. Өзіңізді сырт көрінісіңізбен бүтін бір ағзамын деп есептесеңіз қателесесіз. Сырт қарағанда солай болғанымен, адам ішінде қаншама миллиондаған тірі бактериялар өмір сүретіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Назарларыңызға адам ағзасына қатысты қызықты деректерді ұсынамыз.

● Оңқайлар солақайларға қарағанда орташа есеппен 10 жылға ұзақ өмір сүреді.

● Адам саусағының тырнағы жердің өз осін айналу жылдамдығында өседі.

● Адам денесіндегі ең қатты ағза – тісті қаптап тұратын эмаль.

● Адам көзі бір уақытта 10 миллион түрлі түстерді көру қабілетіне ие.

● Адамның орташа өміріндегі шашының жалпы ұзындығы 725 шақырымға тең болады екен.

● Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы – 2 келі.

● Адамның ауыз қуысында 40 мыңнан артық бактерия өмір сүреді.

● Әр минутта адам ағзасында 300 миллион жасуша өліп қалады.

● Адам денесіндегі 80 пайыз жылулық басы арқылы шығып отырады.

● 60 жастан асқан адамдардың 50 пайызы дәм сезу қабілетінен айрылып қалады екен.

● Бір адамның денесінде бүкіл жер бетінде жасайтын адамдар санынан көп тірі ағза өмір сүреді.

● Адам көзіндегі кірпік әр жүз күнде жаңарып отырады.

Т. Раушанұлы