IPhone X сатып алу үшін жұмсалатын қаражатқа не алуға болады?

IPhone X сатып алу үшін жұмсалатын қаражатқа не алуға болады?
Фото: cnet.com

IPhone X смартфоны Қазақстанда әлі сатылымға шыға қоймаса да, оның бағасы 570 мың теңгеден басталады деген болжам бар. Смартфонның жады неғұрлым көп болған сайын соғұрлым оның бағасы да арта түседі.  Жалпы бағасы 670 000-ға дейін жетеді. Енді ойланып көріңізші, бұл ақшаның орнын қандай заттармен алмастыруға болады.

фы

Ең алдымен, көліктерді қарап шықтық. Ішінен Ford Mondeo көлігіне көзіміз түсті. 1993 жылғы, 200 000 шақырымды жүрген бұл көлікті алған соң, қалтаңызда тағы 40 000 теңгеңіз қалады екен.

Сонымен қатар, смартфондардың орта бағасы 125 000 теңге деп есептейтін болсақ, онда сіз IPhone X  орнына 5 смартфон сатып алып, бүкіл отбасыңызды қуанта аласыз.

Айына 50 мыңға жуық қаражатты тамаққа жұмсайтын болсаңыз, бір жылдық тамақ қорын жинақтай аласыз.

Өзге несиеңіздің бір бөлігін жаба аласыз.

Бір балаңыздың оқу ақшасын төлей аласыз.

ЫВВ

Шағын, бірақ, суретке жақсы түсіретін фотоаппарат алып, суретке түсіру дағдыңызды қалыптастырасыз. Бұл дағдыңыз келешекте жаңа бизнес бастауға септігі тиюі мүмкін.

Ресей, Түркия елдеріне 10 күнге саяхаттап қайтуға мүмкіндік бар.

Егер пәтерде тұрсаңыз, жөндеу жұмысын жүргізе аласыз. Қабырғалардағы түсқағаздарды ауыстырып, жаңа есіктер ала аласыз.

Көлігіңіздің ақауы болса, оны да жөндетуге бұл қаражат жеткілікті.

Жаңа тоңазытқыш немесе жарыңыз тәттілер дайындау үшін арнайы пешті сатып аласыз. Сеніңіз, қалтаңызда қаражаттың жартысы қалады.

Әрине, ақшаңыз мол болса, «Iphone X» смартфонын алғаннан қаржы жағдайыңызға артық жүк түспейтін болса, ойланбастан сатып алыңыз. Бірақ, несиеге алып, кейін екі есе қайтаратын болсаңыз, бұл қаражатты өзге нәрселерге жұмсаған әлдеқайда дұрыс емес пе?

Қалай ойлайсыз?

Т. Есқали