iPhone X немесе ескірген "жаңа" қызметтер

iPhone X немесе ескірген "жаңа" қызметтер
Фото: www.androidpit.com

iPhone X шынымен керемет көрінеді. Дегенмен, смартфон нарығына жаңалық әкеле алмады. «Алма» өнімінің жанкүйерлері бақыт жасын сүртсе, Android қолданушылары қолдарын бір сермеді. Неге деймісіз? Өйткені, «жаңа»  ұрылғының «жаңа» қызмет түрлерін, Android құрылғылары баяғыда-ақ қолданысқа енгізген.

1.Сымсыз қуаттау құрылғысы

Артқы шыны тақтаны орнату арқылы адамдар сымсыз қуаттау мүмкіндігіне ие болды. Apple бұл жолы да бұл қызмет түріне бас қатырмады, бар болғаны қолданыса жүрген Qi технологиясының көмегіне сүйенді.

Android әлемінде бұл технология сонау 2011 жылдан бері қолданылып келеді. Сымсыз қуаттау құрылғысы бойынша жұмыс жасаған алғашқы смартфон – LG Revolution.

2. Жиексіз(Безрамочный) дизайн

«Беткі беті барлық дисплейді алып тұратын iPhone жасауға 10 жылдан астам уақыт бойына тырысып келеміз. iPhone X  бұл арманымызды жүзеге асырды», — деген болатын «Apple» компаниясының дизайн директоры Джони Айв.

фыв

Өкінішті, бірақ бұл сұрақтың шешімін табу барысында «Apple» тағы да артта қалып қойды. Алғашқы жиексіз смартфон «Sharp» компаниясының көмегімен қолданысқа енді. Бұл бастама "Xiaomi Mi Mix" құрылғысына керемет серпіліс сыйлады. Бұл ерекшелік бойынша жетілген әрі соңғы нұсқа— Essential Phone.

3. Түрді тану қызметі

Face ID – iPhone X  құрылғысы үшін маңызды элемент. Бұл жүйе бұғаттан босату(разблокировать), Apple Pay бағдарламасын қолдану үшін, өзге де қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

ОС Android бөлімінің Ice Cream Sandwich нұсқасында 2011 жылдан бері бұл бағдарлама жұмыс жасайды. Әрине, пайда болған сәтінде, бұл жоба толыққанды жетілмеген еді. Қазір сол мәселелердің барлығы өз шешімін тапқан.  

4. Сапалы видео мен фотоға түсіру мүмкіндігі

f/1,8 диаграммалы жазық камера мен и f/2,4 дифрагмалы телеобьективті камера бірлесе жұмыс істей отырып, суреттің сапасын арттырып, видеоны әрлей түседі.

Бірақ, бұл жолы Samsung компания тағы да Apple компаниясын басып озды. Осыдан бірнеше апта бұрын қолданысқа енген Samsung Galaxy Note 8 осыған ұқсас технологияны қолданады.

5. Жылдам қуатталу

ФЫ

Жылдам қуатталу мүмкіндігіне қазір көптеген смартфон ие. Әсірсе, Android бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін смартфондар. Алғашқы,  Quick Charge 1.0  2013 жылдан бері қолданып келді. Apple, бұл жаңалық па?

6. OLED-дисплей

 «Super Retina дисплейінің өлшемі 5,8 дюйм — бұл алғашқы OLED-дисплей»,– деген ақпарат компанияның сайтында жарияланған. Бірақ, бұл – тек Apple тарихындағы  алғашқы жазық диплей.

Samsung компаниясы бұндай үлкендікті өз құрылғыларында 2009-жылдан бастап қолданып келеді. Өкінішті...

7. Виртуаллды әлемге саяхат

iPhone X  көрсетілімінде виртуалды шынайылыққа жетелейтін бұл қабілетіне аса назар аударған болатын. Алғашқы болмаса да, дамудың барын аңғаруға болады.  

Lenovo PHAB 2 Pro смартфоны 2016 жылы шықты. Ол Google компаниясы ұсынған Tango AR технологиясын қолданды. Осылайша, ойындарды виртуальды әлемге саяхат жасауға мүмкіндік алды. Бұл жолы, Apple көштен тағы да қалып қойды.

Т. Есқали