Ғарыштағы спиннер

Ғарыштағы спиннер
Фото: texnikapro.ru

NASA ғарышкерлері 2017 жылдың трендіне айналған ойыншық спиннердің микрогравитация жағадайында қалай жұмыс жасайтынын зерттеп көрді.   

Зерттеу қорытындысы Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығының YouTube арнасындағы ресми парақшасында жазба жарияланды. Бұл видеода ғарышкерлер Халықаралық ғарыш аймағында спиннерді айналдырып, сынақ өткізеді.  

Ғарышкер Рэндольф Джеймс Брезник өзінің Twitter желісіндегі парақшасында: «Ғарыштағы спиннер? Ол қаншалықты ұзаққа айналады? Білмеймін, бірақ, бұл Ньютон заңына сүйеніп тәжірибе жасауға мүмкіндік береді», – деп жазған болатын.

«Ғарыш орталығында спиннер микрогравитация жағдайында жұмыс жасаса, мойынтіректегі (подшипнник) үйкеліс әлсіреп, ортадағы сақина мен ойыншықтың өзге бөліктері балансқа ие болады. Кейін барлығы бір дене ретінде жұмыс жасайды», – деп түсіндіреді астронавтар.

Т. Есқали