Массагеттен нұсқаулық: eGov.kz порталына тіркелмей-ақ қанша салық төлейтініңізді біліңіз

Массагеттен нұсқаулық: eGov.kz порталына тіркелмей-ақ қанша салық төлейтініңізді біліңіз
Фото: Imagesbase.ru

eGov.kz порталына тіркелмей-ақ қанша теңге салық төлеуіңіз керектігін анықтай аласыз. Бұрын бұл қызметті алу ұзақ уақытты талап еткен болса, бүгінде үйде отырып-ақ мемлекетке қанша теңге қарыз екеніңізді біле аласыз. 

Ол үшін алдымен eGov.kz порталын тересіз. Басты беттен "Салықтар және қаржылар" батырмасын басасыз. 

Әрі қарай "Салық берешегін қарау және төлеуге" өтесіз.  

Бұдан кейінгі қадам – "Онлайн сұрау"

Алдыңыздан мынадай мәліметтер шығуы керек. Жеке куәлігіңіздің ЖСН нөмірін жазу арқылы сұраныс жібересіз. 

Бізге керек мәлімет тез арада шықты. 

Қызметті онлайн төлеу үшін eGov.kz порталына кіруіңіз керек. 

М. Оңғарова