Шизофрения немесе "Құлағымда түрлі дыбыстар"...

Шизофрения немесе "Құлағымда түрлі дыбыстар"...
Фото: https://24smi.org

Шизофрения деген не?

Шизофрения – адамның ойлау жүйесі бұзылуына байланысты өзінің тұлға ретінде қалпын жоғалтатын созылмалы психикалық ауру.

Шизофренияны өзге аурулардан қалай айыруға болады?

– Дертке шалдыққан адам өзін өзгелерден тұйық ұстайды. Шизофрениямен ауыратын адамдар өзін мазалап жүрген мәселені өзгемен бөліспейді. Сондықтан, оның дертке шалдыққанын іс-қимылынан ғана аңғара аласыз.

– Оның сөздік қорында жаңа неологизмдер пайда болады. Ол өзінің жаңа әлеміне қатысты жаңа сөздер ойлап тауып, сол тілде сөйлеуі әбден мүмкін.

– Ол жиі сандырақтайды. Ешкім тыңдамаса да өзінің жаңа әлемі туралы әңгімелей бастайды. Оның көп әңгімесі  ойға қонымсыз, фантастикалық жанрда болады.

– Сандырақтар мен галлюцинациялар дерттің басты симптомы емес. Сонымен қатар, олардың ойлау жүйелері түбегейлі өзгереді әрі айналасына деген қызығушылықты жоғалтады.

– Олар эмоцияларын басқара алмайды. Өзге адамдарды түсіну әрі олардың ішкі сезімін сараптау қолдарынан келмейді.  Шизофрениямен ауыратын адамдар тек өз ішкі сезімдерімен арпалысып өмір сүреді.

– Шизофренияға шалдыққан науқас аурудың бастапқы сатысында және оның дамыған аймағында өзін түрлі қалыпта ұстайды. Басында өзіне не болғанын түсінбейді, мазасыз күйге түседі. Туысқандарымен, достарымен байланыстың үзілегеніне бола уайымдайды. Уақыт өте, оның санасы сырттан ешқандай ақпарат қабылдамайды. Тіпті, олар бірнеше сағат ешқандай қимыл жасамастан өз уайымы мен эмоциясынының құлына айнала алады.

Шизофрениямен кімдер ауырады?

Жер ғаламшарын мекендейтін адамдардың 5% шизофрения дертіне шалдыққан. Әсіресе 15-25 жас аралығындағы адамдардың дертке шалдығу мүмкіндігі жоғары. Егер тұқымында дәл осы ауруға шалдыққан жандар кездессе, ауру мүмкіндігі екі есе артады.  

Шизофренияның туындауына не себеп?

Оның пайда болу себебі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Дегенмен, осы уақытқа дейінгі зерттеулерге сүйенсек дерт тұқымқуалаушылықпен қатар, сыртқы факторлардың әсерінен туындайды. Қатал тәрбие, ата-ананың мінезі мен жасөспірім шақтағы әрі бала босанғаннан кейінгі гормондық өзгерістер шизофренияға әкелуі мүмкін. Ішімдікті үздіксіз пайдалану  да – шизофренияға алып келетін сыртқы фактор.

Оның емі бар ма?

Онымен күресу оңай емес. Себебі, түрлі тыныштандыратын дәрілер мен белсенді психикалық дәрілер көмегіне сүйенуге тура келеді. Бірақ, олар дерттен толықтай алып шығады деген ой – қателік. Бұл емнің өзі бастапқы кезеңде ғана көмектеседі. Ал, ауру адамды түгел билеп алғаннан соң онымен күресу мүмкін емес.

ФЫВ

Атақты шизофрениктер

Мұның аты жаман дерт болғанымен, ол көптеген атақты адамның бағын ашқан.

– Винсент Ван Гог – нидерланд суретшісі өзінің көп картинасын осы ауруға шалдыққаннан соң салған.

– Зерттеушілер орыс жазушысы Николай Васильевич Гогольдің шизофрениямен ауырғанын растайды. Өйткені, сол уақыттағы жазбаларға сүйенсек, оның құлағына түрлі дыбыстар естіліп, галлюцинацияларды жиі көретін болған.

Исаак Ньютонның өзін зерттеушілер осы қатарға қосты. Керемет математик-физиктің көңіл-күйі сағат сайын ауысып, адамдармен араласпаған.

Жалпы зерттеуге сүйенсек, ақын-жазушылардың 25%-ы, суретшілердің 30%-ы осы дертпен арпалысқан екен.  

Т. Есқали