«Vlog» түсіру үшін білу керек 5 нәрсе

«Vlog» түсіру үшін білу керек 5 нәрсе
Фото: Вконтакте

«Vlog»- видеоблог сөзінің латын тілінде қысқартылып алынған түрі. «Vlog» түсіру үшін төмендегі бес нәрсені ескеру керексіз.

Тақырып

«Vlog» түсірместен бұрын ең бірінші тақырып пен идеяны жасап алыңыз. Яғни нені, қайда түсіресіз. Не туралы айтасыз, халыққа не қызық немесе не бере аласыз, сол жайында ойланып алыңыз. Жоспар құрыңыз.

Мекен-жай

«Vlog» түсіру кезінде ең маңызды нәрсе тұрған мекен-жайыңыз. Яғни шет елде болған күннің өзінде жай ғана көшеде жүріп видео түсіру «Vlog» болып саналмайды. Себебі сіздің түсіріп тұрған жердің ерекшелігі не артықшылығы болу керек.  

Камер алдындағы қабілет

Әрине, «Vlog» камера алдында сөйлеудің ең оңай түрі. Себебі мұнда шеберлік маңызды орында емес. Дегенмен қабілет болғаны жақсы. Бұл тіпті сізге өзіңізді журналистік жағынан шыңдауға таптырмас тәжірибе көзі. Сондықтан камера алдындағы қабілет, шешен сөйлеуді қалыптастырыңыз. Бұл тек сізге емес, видео блогыңызды өзгелердің көруіне де пайдалы.

Видео-монтаж немесе сапалы түсірілім

«Vlog» түсіріп болғаннан кейін оны бірден жариялауға асықпаңыз. Өңдеу керек. Бұл маңызды. Себебі «Vlog» сіздің бейнеңіз, сіздің шығармашылық жұмысыңыз. Оны сіз ғана емес, халық көреді. Сондықтан монтаж жасап үйреніңіз. Ең болмағанда сапалы түсіріңіз. Мегапикселі әлсі ұялы телефонмен емес, жақсы аппараттармен жұмыс жасап үйреніңіз. Алғашқы жұмыс үшін бір рет тәжірибе ретінде түрлі сапаны пайдаланып көруге рұқсат.

«Vlog» не үшін түсірдім?

Міне бұл сұраққа әрдайым жауап беріңіз. Мақсаты айқын ба, айтары не, ойы қандай? Халыққа не бересіз, өзіңіз қандай ләззат аласыз? Тәжірибе жүзінде болған күннің өзінде миллиондаға аудиториясы бар көрерменге жол тартқан кезде артынан ұялмайтындай болыңыз. Бұл өте маңызды.

М. Ақан