Адамзаттың жүз-ақ жыл өмірі қалды

Адамзаттың жүз-ақ жыл өмірі қалды
Фото: interesnie-faktu.ru

Денсаулық сақтау саласының мамандары жоғары дамыған технологиялардың арқасында көптеген адамды ажалдан алып қала отырып, олардың орта есеппен өсу қарқынын есептеп шықты. БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселелер департаментінің хабарлауынша 2030 жылы жер бетіндегі халық саны 8,5 миллиардқа жетіп, 2050 жылы бұл санақ 9,7 млрд болады деп отыр.

Деректерге сүйенсек, әрбір елде қазір туу қарқыны аз. Бірақ адамдардың өмір сүру жасы ұзарып, қалыпты жағдай қалыптасқан. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы тележүргізуші, зерттеуші  Дэвид  Аттенборо британдық Radio Times-ке берген сұхбатында былай деген: «Бізге өзіміз болып жер бетіндегі халықты өсу санын тоқтату керек әйтпесе жердегі тепе-теңдік бұзылады немесе бұл құбылысты табиғат өзі жасайды» деген болатын. Ал ғалымдар зерттеушінің сөзінің жаны бар екенін айта келіп, қазір біз ғаламдық жылудың қасіретін көріп отырғанымызды айтады.

Физик-теоретик Стивен Хокинг: «адамзаттың өмір сүруіне 100-ақ жыл қалды» дейді. Бұл болжам ғана. Дегенмен ғалымдардың бір күдігі бар... 

М. Ақан