- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ең үлкен ұшақ...
Ең үлкен ұшақ қайда жасалады?
Эйрбас – әуе ұшақтарын құрастырушы компания. 4 елде бөлшектеніп құрастырылатын ұшақтардың соңғы нәтижесі Тулуза (Франция) қаласында орналасқан басты зауытта өтеді. Айына 40 ұшақ жасап шығаратын компания зауытының құрылысы 2009 жылы басталып, 2012 жылы аяқталған.
1960 жылдан бері ұшақ құрастырумен айналысатын зауыт 4 елмен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, ұшақтың ортаңғы бөлігі Францияның Сен-Назар қаласында, көлденең қанаты Қытайда, Испанияда, қанаты Ұлыбританияда, қанаттың алдыңғы және артқы бөліктері Германияда жасалады. Жан-жақта құрастырылған бөліктер Beluga деп аталатын алып ұшақпен тасымалданады.
– Әлемдегі ең үлкен жолаушы тасымалдаушы ұшақ. 853 адамға арналған ұшақтың ұшу кезіндегі салмағы – 575 тонна.
– Бұл ұшақ үшін «бар-жоғы» 23 000 бұранда керек екен.
– Ұшақ қанатының ауданы 845 м2-ты құрайды.«Бар болғаны» 220 терезесі бар.
– Қос қанатының өрісі 79,8 метрді құрайды.
– Ұшақтың сыртын бояуға 531 кг бояу жұмсалады.
– Әр секунд сайын ұшақтың қозғалтқышынан (диаметрі 2,95 м) 1,25 тоннадан көп ауа өтеді.
Airbus 320
– Бұл ұшақ (басынан бастап, тапсырыс берушіге жеткізілгенге дейін) шамамен бір жылда жасалып шығады.
– Ұшақтың соңғы тексерісі үшін бір ай қажет.
– А320 ұшағының осыған дейін шығарылғандарын бір қатарға тізіп қойса, онда тізбек 2500 футбол алаңының ұзындығын құрайды.
– Әр екі секунд сайын осы ұшақ жерге қонып, ұшып кетіп жатады.
– А320 ұшағының ұшу биіктігі Бурдж-Халифа ғимаратының 12-сін тізіп қойғандағы біиіктікке тең.
– А320 ұшағының қозғалтқышы өндірген энергия 30 үйді электрмен қамтамасыз ете алады.
Осы үлгінің жаңа бөлшектермен жабдықталған Airbus 320neo деп аталатын түрі осыған дейінгі шығарылған ұшақтардан жанармайды 15 пайыз үнемдейді. Қазақстанның Эйр Астана Ұлттық әуе компаниясы күні кеше осы үлгімен толықты.
Г. Берік