iPad Pro сатылымға қашан шығады?

iPad Pro сатылымға қашан шығады?
Фото: www.imore.com

Apple компаниясының ресми сайтында iPad Pro планшетінің қараша айында сатылымға шығатыны жазылған. Ал жаңа девайстың қай елдерде бірінші болып нарыққа шығуы туралы әзірге нақты деректер жоқ. Дегенмен бұл саралауда Apple басшылары елдердің экономикалық қуатын ескеріп жасамайтін көрінеді. Себебі инсайдерлердің айтуынша, iPad Pro өнімі Ресей, Түркия және Қытай сынды дамушы елдер нарығына бірінші болып шығады.

Сонымен қатар, бейресми ақпараттарға орай Apple ұсынған ең үлкен планшет 6 қарашадан бастап сатыла бастайды. Аталған күннен бастап жаңа девайс Қазақстанға көрші елдер нарығында пайда болады. Демек көп өтпей біздің нарыққа шығады. Әрине бұл еліміздегі Apple өнімінің реселлерлеріне байланысты.

Әзірге Apple планшетінің Қазақстан нарығындағы бағасы белгісіз. Ал ТМД елдерінде гаджет 250-300 мың теңге (32 ГБ) көлемінде сатылымға шығады деп күтілуде. 

Ж. Өрісбай