Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Apple-ға байланысты ең қымбат 5 зат

Apple-ға байланысты ең қымбат 5 зат

Apple-ға байланысты ең қымбат 5 зат

Бүгінгі әңгімеміз тағы да алма жайлы болмақ. Қандай алма дерсіз? Әлемді өзгерткен үшінші алма - Apple компаниясы жайлы сөз қозғалмақ. Шындығына келсек, Apple жасап шығарған техникалар бүгінде тек американдықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің көңілінен шыққан. Apple өнімдерінің елдің ең сүйікті гаджеттеріне айналғаны да сөзсіз. Алайда, жаңа iPad немесе Macbook Pro үшін Apple тым көп ақша сұрайды деп ойласаңыз, бұл сіздің қателескеніңіз. AIN басылымы бүгінгі нарықта ұсынылған кез келген "алма" өнімінен едәуір қымбат гаджетттер, құжаттар және басқа да заттар тізіміне назар салуды ұсынып отыр. Бұл тізімнен Apple-дің құрылтайшылық құжаттары, Стив Джобс пен Стив Возняк жасап шығарған компьютердің алғашқы нұсқасы, сонымен қатар құрал-саймандарға арналған Возняктың ескі қорапшасы орын алды. Осы заттардың кейбірі 8000 iPhone-ның бағасымен бірдей болса, енді бірінің бағасы соңғы 30 жыл ішінде 500 есеге өскен. 

1. Құрылтайшылық шарт: $1.6млн

Әлемдегі ең қымбат бренд атануға септігін тигізген заңдастырылған құжат iPhone-ның 8000 смартфонынан қымбатырақ. 2011 "Сотби" аукциондық үйі Apple-дің аталған құжатын дәл осындай бағаға сатты. Үш беттен тұратын құжатқа Стив Джобс, Стив Возняк және Рон Уейн қол қойған. 

2. Apple I дербес компьютері: $374 500

Возняк пен Джобстың компьютерлік перзенті 666 доллардан сатылды. Енді, егер сіз дәл осындай моделді 200 компьютердің бірінің иегері болсаңыз, оны 500 есе қымбатқа сата аласыз. 2010 жылдың қараша айында Apple I жұрт бәсекесіне салып сатуда 220 000 АҚШ долларына кетті. Кейінірек акуциондық үй тағы бір Apple I-ді сатылымға қоятыны жайлы жариялады. Екінші компьютер 374 500 долларға сатылды. 

3. Энди Уорхолдың Apple-дің логотипін трафарет үлгісі бойынша жасаған суреті: $26 000

Энди Уорхол дайындаған Apple логотипі O’Gallerie атты аукциондық үйге берілді. 1985 жылы жасалынған және Энди Уорролдың қолы қойылған туынды 2009 жылы 26 000 долларға өзінің жаңа иесін тапты. 

4. Apple алғашқы тауар белгісі: $18 000

Әйнектен жасалып, қапталған тауар белгісі 30 жыл бұрын қоқысқа лақтырылғанына қарамастан, аукционнан 18 000 долларға кетті.  Аталған тауар белгісі Apple-дің алғашқы компьютерлері көпшілікке жарияланылған көрмелерде компаниямен бірге жүретін. Кейінірек Стив Джобс белгіні ауыстыруды ұйғарып, бұрынғы белгіні қоқысқа тастай салған. Бірақ, Apple қызметшісі Томас Лиггетт оны тауып алып, 2008 жылы белгіні сатып жібергенге дейін өз үйінде ұстаған. 

5. Құрал-саймандарға арналған Возняктың ескі қорапшасы: $7 000

Көріп отырған қарапайым қорапшаның қожайыны атақты Стив Возняк болған. 1970 жылы Apple-дің барлық инженерлері осындай көк қорапша алған. Қорапша Стивке қажет болмаған соң, ол қорапты комппанияның штаб-пәтері жанына тастай салады. Сол кезде Томас Леглетт Стивтен қорапшаны сұрап алады. Ал 2009 жылы жаңағы қорапша 7 мың долларға сатылды. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: macstore.org.ua, secretworlds.ru

3963 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 14 қыркүйек 2012, 19:36
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2012, 19:42

дербес компьютер біртүрлі қызық екен :)

+0
15 қыркүйек 2012, 12:49

Уау, біреуін иеленсе иа ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев