Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа қалай ұшқаны жөнінде

Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа қалай ұшқаны жөнінде
Фото: www.azattyq.org

Осыдан 24 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазан күні Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Барлық адамның балалық арманының шыңына жеткен қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер жөнінде бірнеше факт ұсынамыз.

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – КСРО-ның 72-ші, әлемнің 256-шы ғарышкері.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында 1946 жылы 27 шілдеде дүниеге келді.

Әкесі Оңғарбай мен анасы Кәмила ұста болды.

Арманына барар бірінші қадамын ӘАФЕКҚ парашют секциясында бастады.

1969 жылы Ресей Федерациясында Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітіріп, «әскери ұшқыш-инженер» дәрежесін алып шықты.

3-ші класты сынаушы-ұшқыш болды.

Әуеөнеркәсіп Министрлігінің сынаушы-ұшқыш мектебін бітіріп, «Инженер-әуе-сумеханигі» мамандығын алды.

Медкомиссиядан өтіп, денсаулығында ешқандай ақау жоқ екені анықталды. 1990 жылы ұшуға дайындықты бастады.

1991 жылы мамыр, маусым айларында қазақстандық бағдарлама бойынша ұшуға ғарышкер-зерттеушілерді дайындауға қабылданды.

Жалпығарыштық дайындық және ұшуға дайындау курсынан өткен соң, 1991 жылы қыркүйекте ғарышкер-сынаушы болды.

1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшқанда «Донбасс-2» және «Озон-2» дабылдағыштарын қолданды. «Союз ТМ-13» бортында Тоқтар Әубәкіров, Александр Волков, Франц Фбек (Австрия) болды. Екеуі Тоқтар Әубәкіровті «СоюзТМ-12» бортына отырғызып жіберді.

@. @assel_assanova