Мойындалған "Халық қаһармандары"

Мойындалған "Халық қаһармандары"

Қазақстан Республикасының «Халық  қаһарманы» – Отанына ерекше мәртебе көрсетіп, ел  алдына игілікті іс тындырып көзге түскен, халқына  аса көрнекті қызметі мен тәуелсіздік жолында жауынгерлік ерлік көрсеткен адамдарға берілетін атақ.

«Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі «Алтын Қыран» орденімен және «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызды марапатымен деңгейлес келеді. Осы атақ барысында «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендері қоса тапсырылады. «Халық қаһарманы» атағы 1993 жылы ресми түрде бекітілген.

2009 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 32 азамат «Халық қаһарманы» атанған. Олардың қатарында: 

  • Сағадат Нұрмағамбетов — армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, 1994 жылы 23 мамыр;
  • Қайрат Рысқұлбеков — 1966—1988 жж. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, 1996 жылы 9 желтоқсан;
  • Қасым Қайсенов — жазушы, 1941—1945 жж. Ұлы Отан Соғысының ардагері, 1995 жылы 24 сәуір;
  • Роза Бағланова — КСРО Халық әртісі, әнші, 1996 жылы 9 желтоқсан;
  • Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның 1-ші ғарышкер-ұшқышы, генерал-майор, 1995 жылы 12 қаңтар;
  • Талғат Мұсабаев — Қазақстанның 2-ші ғарышкер-ұшқышы, генерал-майор, 1995 жылы 12 қаңтар;
  • Мұхтар Алтынбаев — Қазақстанның Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, 2006 жылы 6 мамыр:
  • Нұрғиса Тілендиев — 1925—1998 жж. Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, 1998 жылы 24 тамыз;
  • Мұхтар Әлиев – академик, Ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1995 жылы 29 желтоқсан;
  • Рақымжан Қошқарбаев – Ұлы Отан соғыс ардагері, лейтенант, Берлин шабуылшы батыры, 1999 жылы 7 мамыр;
  • Әзірбайжан Мәмбетов — театр режиссері, КСРО халық әртісі, 1998 жылы 24 қазан;
  • Хиуаз Доспанова – Ұлы Отан соғыс ардагері, 46-шы әйелдер гвардиясының әуе бойынша түнде бомбалау полкі, 2004 жылы 7 желтоқсан;

Еліміздің көк туын көкке көтеріп, еліне абырой алып беретін азаматтарымыз аз емес. Сол себептен бұл тізім жылдан-жылға ұзаратынына кәміл сенеміз. Оған мысал ретінде 2011 жылы жасалған теракт кезінде Ғазиз Байтасовтың жау бомбасын өзінің төс кеудесімен тосқандығын айтсақ артық емес. Осы секілді алдағы уақытта еліне түнде ұйқы, күндіз күлкі сыйлайтын «Халық қаһарманы» көп болғай.

Оқи отырыңыз: 

 

Елбасы жайлы қызықты деректер

«Алаш» партиясының құрылғанына 97 жыл

Талғат Мұсабаевтың ашық ғарышқа шыққанына 20 жыл!

"Зерде" смартфоны Қазақ елінен демеуші іздейді (аудиосұқбат)

Оралда екі жігіт өртеніп жатқан үйден бүлдіршінді құтқарып қалды

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: expert.ru

Н. Нұрмаханұлы