Жолға арналған жаңа технология

Жолға арналған жаңа технология

Ауыр транспорттың артынан жүріп отырған көлік жүргізушісі алда не бар екенін және басып озар-озбасын білмесі анық. Порто университетінің ғалымдары аталған қиындықты шешуде өз әдістерін ойлап тапқан еді. Бұл жүйе жолда көлік жүргізушісіне транспорт тасымалының алдында не болып жатқанын білуге жол ашпақ...

Аталған технология келесі кезекте жұмыс жасайтын болып отыр: үлкен транспорт тасымалы саналатын жүк көлігі мен автобустардың алдыңғы әйнек жағына веб-камералар орнатылады. Ал жеңіл көліктердің жел жақ өтіне сұйықкристалды экран жайғаспақ. Жүргізуші үлкен транспорт тасымалының артына түсіп қалған жағдайда, алдыңғы лекте кетіп бара жатқан көліктің (әлгі транспорт тасымалы) веб-камерасы арқылы жанды бейне көре алады. Нәтижесінде жүргізуші алда болып жатқаннан (не барын, не жоғын көріп) хабар алып, басып озуға немесе қатар түзеуге мүмкіндік алады.

Жүйенің жалғыз ғана олқылығы – видеоберілімнің 200 миллисекундқа кешеуілдеуі. Бір қарағанда, мұның аса бір зиян кескілігі жоқ секілді көрінеді, бірақ егер көлік сағатына 90 шақырымдық жылдамдықпен жүрер болса, онда арты өкінішке айналмақ... 

Өнертабыс жүйесі 2010 жылдан бері өзгертіліп келеді. 2013 жылдың қазан айында таныстырылып отыр екен.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: grouperly.com

Л. Лига