- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Браузерде абайсыз жабылып...
Браузерде абайсыз жабылып кеткен терезені қайта аша аламыз ба?
Қазір көп жағдайда интернеттен бір нәрсе іздеу үшін бірнеше сайт парақшасына сапар шегуге тура келеді. Кейде бір сайттан бір сайтқа қызығып, қатарынан бірнеше парақша ашып тастайтын кезіміз де болады. Сондай кезде реттеп, өзімізге нағыз қажеттілерін ғана қалдырып, басқаларын жауып отырып, ең қажетті деген парақшамызды абайсызда жауып алып, қайта таба алмай қалған жағдай бәрімізде де болған шығар. Мұндайда парақшалар тарихынан да таба алмай, дал болатын кездер болып тұрады.
Бізге жаңа ғана жауып алған парақшамызды қайта ашу үшін Ctrl + Shift + T батырмалары көмекке келеді. Әлде браузердегі парақшалар атауы тұрған қатарға барып, тышқанның сол жағын басып, «Открыть закрытую вкладку» операциясын таңдауға да болады.
Ал егер сіз қажетті парақшаңызды бірнеше сағат не бірнеше күн бұрын жауып алған болсаңыз, Ctrl + H пернелерін қолдану арқылы осыған дейін кірген барлық терезеңіздің тарихын көре аласыз.
Google Chrome браузерінде қажетті парақшаңызға кірген нақты уақытты білетін болсаңыз, оң жақ жоғарыдағы «Искать в истории» қызметіне жазу арқылы оңай таба аласыз.
Ал Opera, Mozilla Firefox, Internet Explorer браузерлерінде сол жақ бұрышында арнайы уақыттары көрсетіліп тұрады.
Ұқсас жазбалар:
Internet Explorer 10 ең қауіпсіз браузер атанды
Google басшысы Интернет жойылып кетеді деп болжады
@. @assel_assanova