Стив Возняк: «Apple тарихы гараждан басталмаған»

Стив Возняк: «Apple тарихы гараждан басталмаған»

Әрбір аты аңызға айналған компанияның өзіндік тарихы болары анық. Әсіресе бірнеше энтузиастың бірігіп, ұлы істің бастауына түрткі болуы қызық. Мысалы, Apple өз жобасын гаражда отырып жүзеге асырған.

Расында «алмалы» алып корпорация Стив Джобстың көлік тұрағында бастау алған. Сондықтан аталған гараж тарихи маңызы бар нысан деп алынып, тіпті оған бүгінде арнайы күзет те қойылған. Дегенмен, бар болған жағдай біршама өзгеше тарихты баяндайды. Компанияның негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк Bloomberg тілшілеріне берген сұхбатында мұның аңыз екенін айтып өтті.

Соңғы жылдары Лос-Альтостағы кішкене гараж көптің назарына бөленіп келеді. Оның бәрі алқапта таралып кеткен аңыздың арқасында болып отыр. Возняктің айтуынша, ол Джобспен бірге гаражда құрастырумен айналыспаған. Айта кетсек, олар гаражда отырып прототиптерді шығармаған және дизайн мен макеттерді жасамаған. Әйгілі инженер компьютердің бөлшектерін өзінің бұрынғы жұмысында құрастыратынын айтады. Оның жұмыс орны - Hewlett Packard компаниясы еді. «Гараж стартаптың уақытша кеңсесі ғана болған. Компанияның құрылымын талқыға салу мақсатында команда мүшелерінің жиналатын орны еді», - дейді Стив.

Сурет: en.wikipedia.org

Ж. Өрісбай