- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- АҚШ-та кілтті 3D-принтермен...
АҚШ-та кілтті 3D-принтермен шығару әдетке айналды
Адамдардың кілттерін жоғалтып, көлік немесе үйдің ішінде қалдырып қоюы жиі кездеседі. Сосын оны ашу үшін арнайы мамандарды шақыртып, есіктің құлпын толық ауыстыруға бірталай қаржы жұмсалатыны сөзсіз. Ендеше Нью-Йорк қаласындағы KeyMe стартап-компаниясы мұның өзгеше шешімін ұсынып отыр.
Кілтіңіздің сканерленген нұсқасы болса, оны жылдам жасау мүмкіндігі бар. Америкалықтар алдын ала осы сынды жағдайға тап болмауы үшін кілттерін смартфондарына түсіріп алады. Сосын KeyMe қосымшасына ресми тіркелгенде сканерленген сурет ресми ақпараттармен сақталады. Ал кілттің көшірмесі қажет болғанда KeyMe компаниясының 3D-принтер негізіндегі аппараттарына барып, бармақ ізі арқылы жасап алынады. Қызметтің құны 20 АҚШ долларынан басталады екен.
Дегенмен америкалықтар кілттің жоғалуынан бұрын оның көшірмесін жасап алуды жөн көреді екен. Алдын ала жасату тапсырыс берушілер үшін 3-6 АҚШ долларына түседі. Ал көліктің кілттері $20-65 арасында. Расында АҚШ-тағы кілт жасату орталықтарындағы қызмет құны да осы бағамен тең.
IBTimes ғаламтор ақпаратына сүйенсек, бір Нью-Йорктің өзінде KeyMe компаниясының 20-ға жуық аппараты бар. Ал осы айдың соңына дейін KeyMe АҚШ территориясындағы қызмет көрсету орталықтарын 100-ге жеткізуді жоспарлаған.
Стартап-компания өз бизнесін бастағалы 100 мыңнан астам кілт шығарыпты. Жоба авторлары қызметтің қауіпсіздігі банктік карталардан кем емес екендігін айтады. Сондықтан АҚШ азаматтарының басым бөлігі кілттерінің көшірмесін онлайн қосымшаның жадында сақтайды. KeyMe компаниясы алдағы уақытта өз бизнесін ары қарай дамытып, АҚШ территориясынан шығуды жоспарлауда.
Сурет: hitek.fr
Оқи отырыңыз:
Кеңседе отырып та спорттық жаттығулармен айналыса аласыз
Google мобильді оператор қызметін ашпақ
Google басшысы Интернет жойылып кетеді деп болжады
Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?
Ж. Өрісбай