- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Google мобильді оператор...
Google мобильді оператор қызметін ашпақ
Әлемнің IT-алыбы жақын болашақта сымсыз байланыс қызметін ашуды жоспарлап отыр. Корпорацияның Nova жобасы байланыс қызметін жақсартып қана қоймай, оның шығынын да азайтуға мүдделі. Аталған жобаны іске асыру үшін Google АҚШ-тағы T-mobile және Sprint мобильді операторларын жалға алады.
Әлеуметтік маңызы бар жобаға Google компаниясында бұрыннан еңбек етіп келетін Ник Фокс есімді қызметкер жетекшілік етпек. Жоспарға орай, Nova жобасы өткен жылдың күзінен бастау алуы тиіс болатын. Дегенмен Google инженерлері жобаны толық сынақтан өткізуге үлгермегендіктен, жобаның қосылу уақыты кейінге қалдырылды. Бейресми ақпараттарға орай, Nova ағымдағы жалдың соңына қарай іске қосылуы мүмкін. Компания өзіне белгісіз болған нарықта қанша уақыт бәсекелестікке төтеп бере алуы мүмкін? Бұл сұраққа сарапшы мамандар да ештеңе айта алмай дал.
Егер Google-дің жаңа жобасы жүзеге асса, географиялық тұрғыдан да біршама ауқымды кеңейту жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, Канада және Мексика елдерінің мобильді нарығын қамту. Сарапшылардың айтуынша, Google сынды алып корпорацияның байланыс нарығына шығуы сапаның артуына және ғаламтормен қамтудың арзандауына алып келуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, бұл IT-алыбының мобильді оператор ретінде алғашқы талпынысы болып отыр. Осыдан екі жыл бұрын компания ұсынған Fiber бағдарламасы тұтынушыларға ғарыштан жылдам ғаламторға қосылу мүмкіндігін берген болатын. Жоба іске асып, жақсы нәтиже көрсетуде. Ендеше келесі жобаның бәселестікке қабілетті бола алуын алдағы уақытта білетін боламыз.
Сурет: www.huffingtonpost.com
Оқи отырыңыз:
Google басшысы Интернет жойылып кетеді деп болжады
Google ғарышты игеруге бет бұрды
Google Translate қызметі синхронды аударатын болады
Ж. Өрісбай