Google Translate қызметі синхронды аударатын болады

Google Translate қызметі синхронды аударатын болады

Google компаниясы жуырда Translate интернет қосымшасын жаңартуды жоспарлап отыр. Google-дің автоматты түрде аудару қосымшасы дауыспен жеткізілген сөйлемдердің тілін автоматты түрде анықтап, айтылған сөйлемдерді шынайы уақыт өлшемінде мәтінге аударады. Бұл туралы The New York Times газеті жазып отыр.

Бүгінде Google жаңартуы әлемнің бірнеше тілінде қолданылып жатыр. Енді қолданушы өз мәтінін пернетақтамен теруге уақыт жұмсамайды. Бар болғаны қажет мәтінді дауыстап жеткізуі тиіс.

Google Translate қосымшасының техникалық директоры Макдафф Хьюздің айтуынша, аталған қызметтің бір айда 500 миллион белсенді қолданушысы болады екен. Ал оның 90%-ы дербес 10 тілде сөйлейтіндер болып келеді. Сондықтан Макдафф командасы жаңартуды алдымен ең көп сұранысқа ие 10 тілге енгізген.

Сонымен қатар, Google телефонның камерасын тұтынушыға белгісіз болған көшедегі жазуға бағыттап, оның аудармасын көру мүмкіндігін жасауды жоспарлап жатыр. Қазіргі кезде осы тектес қосымшаға аналог болатын Word Lens деген атауға ие қосымша бар. Дегенмен оның функционалдығы толығымен дамымаған. Жаңартудың барлық тілді қамту уақыты әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Microsoft жуырда сөздің синхронды аудармасын жасайтын Skype мессенджерін таныстырды. Skype Translator қызметі әзірге тек ағылшын және испан тілдеріне ғана аудара алады. Бұл қосымша Windows 8.1 оперативті жүйесіне қосылған.

Сурет: rodrigostoledo.com

Оқи отырыңыз:

Google Translate қазақша жұмыс істей бастады

Қазақ тілі Google Translate қызметінде 2014 жылы пайда болуы

Google қазақ тілін түсінетін болады

 
Ж. Өрісбай