3D анықтама орталықтары жұмыс істей бастады

3D анықтама орталықтары жұмыс істей бастады

Сіздің Call орталыққа хабарласып, жарты күні бойы оператормен сөйлесе алмаған кездеріңіз болды ма? iContact компаниясы бұл мәселені шешудің жаңа амалын ойлап тапты. Бұдан кейін көшеге телефон бутиктері сияқты кішкентай үйшіктер орналастырылып, ішінде 3D көріністегі адам бейнесі сізге қызмет көрсететін болады. Адамдар көп баратын почта және емхана тектес орындарға қойылатын бұл аппарат қалаға немесе ауданға жаңа келген адамдарға түрлі ақпарат бере алады. Көз жанарымен және қол ишараларымен жұмыс істей алатын 3D адам бейнесі қонақтарға жақсы әсер қалдырып, жылы шырай танытады дейді жоба авторлары.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет:  icontact.io

M. Auelkhan