105 жастағы әжей жүргізуші куәлігін алды

105 жастағы әжей жүргізуші куәлігін алды

Эдди Киелг Мейер есімді әжей Американың Калифорния штатындағы ең қарт кісілердің бірі. Биыл ол 105 жасқа келген. Адамды қайран қалдыратыны оның ғасырдан астам ұзақ ғұмыр сүруі емес, керісінше, жүргізушілік куәлігін алу үшін емтихан тапсырғаны.

28 қаңтар күні Калифорния штатының көлік жүргізушілерін тәрбиелейтін мектебіне келіп, емтиханды сәтті тапсырып, куәлік алған. Сөйтіп оңтүстіккорейлік 69 жасар атақты Чха Са Суннан да кәрі әжей 86 жылдық жүргізушілік тарихы бар бірден-бір қартқа айналды.

Бұл қарт әжейдің емтихан тапсырар кездегі сергектігі, ұқыптылығы комиссия мүшелерін таң қалдырған. Емтихан бітіп, куәлігін алған соң, ол журналистер мен комиссия мүшелеріне күні бүгінге дейінгі әрбір емтихан тапсырған сәтін, көлік айдау кезіндегі қызықты да қатерлі кездерін айна-қатесіз айтып берген. Есте сақтау қабілеті ерекше қарт: "Жыл басындағы ең үлкен қуанышым - осы емтиханды сәтті аяқтағаным” депті.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: yahoo.com

Қ. Қауымбек