"10 мыңға жуық әскерден айырылды". Украинада не болып жатыр?

"10 мыңға жуық әскерден айырылды". Украинада не болып жатыр?
Фото: Reuters

Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс өрши түсті. Екі ел бір-бірінің стратегиялық маңызы бар нысандарын жойып жатыр. Massaget тілшісі Украинада болып жатқан ең маңызды жаңалықтарды жинады.

Украина 10 мыңға жуық әскерден айырылды

Украина майданда Ресеймен соғыс басталғаннан бері 10 мыңға жуық әскери қызметішісінен айырылды. Бұл мәліметті Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Youtube-арнадағы "В гостях у Гордона" бағдарламасында айтты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 30 мыңға жуық Украина әскері жарақат алған.

©REUTERS

Байден Украинаға келмеуі мүмкін

Джо Байден осы демалыс күндері Еуропаға келеді, бірақ оның Украинаға баруы екіталай. Бұл туралы CNN хабарлады.

Телеарнаның мәліметінде Байден өзінің осы әрекеті арқылы украиналықтар үшін артық проблема әкелгісі келмейтіні айтылған. Сонымен қатар, АҚШ президенті Украинаның ЕО-ға мүшелігін қолдайтыны туралы ақпарат бар.

©REUTERS

"Бұл жағдайға байланысты", - деп жауап берді Байден Украинаға сапары туралы сұраққа.

ЕО елдері Украинаға жаңа мәртебе беруге келісті

Украинаға Еуропалық одаққа мүшелікке кандидат мәртебесін беру мәселесі алдын ала шешілген. Польша СІМ басшысы Збигнев Рау ЕО елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде осындай пікір білдірді.

©REUTERS

"Украина кандидатының мәртебесі туралы пікірталас болды. Шынында да, бұл туралы келісім болды. Мәселе алдын ала шешілген сияқты", - деді Польша сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Люксембургте өткен келіссөздер барысында бірде-бір дипломат Украинаға Еуропалық одаққа кіруге кандидат мәртебесін беруге қарсылық білдірген жоқ.

Одессадағы азық-түлік қоймасы жойылды

Дүйсенбіде Қара теңіздегі Одесса портындағы азық-түлік қоймасы Ресейдің зымыран соққысынан кейін жойылды, бірақ бейбіт тұрғындардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Украина билігі мәлімдеді.

©REUTERS 

"Юг" жедел қолбасшылығының мәліметтері бойынша, Ресей әскерлері үш сағаттық атыс кезінде Украинаның оңтүстігіне 14 зымыран ұшырған.

Украина Қырым мұнай бұрғылау платформаларына соққы жасады

Украина әскері Қырым мұнай-газ компаниясына тиесілі Қара теңіздегі бұрғылау платформаларына шабуыл жасады. Бұл ақпаратты Ресей тағайындаған Қырымның басшысы Сергей Аскенов растады. 

©REUTERS

Үш адам жарақат алып, "Черноморнефтегаз" энергетикалық компаниясының жеті жұмысшысына іздеу жарияланды. 

Қырым шенеуніктері соққыдан кейін бұрғылау платформасындағы жұмысты тоқтатты.

М. Жәмішжанов