Есеп комитетінің басшысы біржылдық бюджетті қайтаруды ұсынды

Есеп комитетінің басшысы біржылдық бюджетті қайтаруды ұсынды
Фото: Tengrinews.kz

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова қазақстандық бюджетті бір жылдық жоспарлауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Есеп комитетінің басшысы үш жылдық бюджет стратегиясы ескіріп қалғанын айтты. 

"Орындау барысында тек бірінші базалық жыл нақтыланып, түзетіледі. Кейінгі жылдарды, тіпті қарамаймыз. Келесі кезеңді жоспарлау кезінде бұрынғы шығыстардың кейбірі жаңа бюджеттен мүлде жоғалып кетуі мүмкін", - деді Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, осы проблемалардың салдарынан аяқталмаған нысандар пайда болады. 

"Біздің ойымызша, бюджетті жоспарлауды бір жылға қайтару туралы мәселені көтеретін кез келді. Бұл ретте шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз ету және бизнес пен инвесторларға қабылданған міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қажет", - деп қосты Есеп комитетінің басшысы.

М. Жәмішжанов