Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды
Фото: polisia.kz

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері облыс орталығындағы балалар үйінің тәрбиеленушісін тапты. Жоғалған жасөспірім 16 жаста болған, ол медициналық колледжде оқыған. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын 10 маусымда Өскемен қалалық ПБ жедел басқару орталығына тәрбие мекемесінің 47 жастағы қызметкері хабарлаған. Оның айтуынша, бойжеткен балалар үйінің ғимаратынан шығып, қайта оралмаған.

Өскемен полициясының жеке құрамы тез арада іздеу жұмыстарына жұмылдырылып, тәртіп сақшылары іздестіру барысында жасөспірімді таныстарының үйінен тапқан. Ол қашып кетуін балаларға арналған баспанада өмір сүргісі келмейтініне байланысты деп түсіндірген. Бүгінде ол тәрбиешілердің қамқорлығына қайтарылған.

Ж. Қадыржанова