Ақорда Тоқаевтың бір апталық жоспарын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі осы аптада Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

21 маусымда Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесу өткізетіні хабарланды.

23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.

24 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Мемлекет басшысы БРИКС+ форматындағы Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогта бейнеконференция арқылы сөйлейді.