Қазақстандық Диана Пиртанова "ТМД аруы-2022" атанды

17 маусымда Ереванда "ТМД аруы-2022" байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы -  қазақстандық Диана Пиртанова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Екінші орынды грузиялық Эмми Мхитариянға алса, үшінші орынға эстониялық Карина Низенькая жайғасты.

"Бізді күтіп алған Арменияға көп рақмет. Бұл елдің салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым, өте қызық. Байқауда жеңіске жетем деп ойламадым", - дейді Диана Пиртанова.

"ТМД аруы" байқауы Арменияда екінші рет өтті, бұл жолы оған 23 ару қатысты.

Фото: Instagram/miss_sng