Президент Тоқаев ордендерден бас тартты

Президент Тоқаев ордендерден бас тартты
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін отандық та, шетелдік те наградаларды қабылдамайды. Бұл туралы ақпарат Telegram-каналдарда пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

YEDILOV ONLINE каналы Ресей тарапының Қасым-Жомарт Тоқаевты Александр Невский орденімен марапаттағысы келгенін хабарлады. 

"Мемлекет басшысы президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін ешқандай марапат қабылдамау туралы шешім шығарған. Дәл сол себепті Президент жақында Бішкекке жасаған сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі "Манас" жоғары орденінен бас тартты", - деп жазды ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ақпаратты растады.

М. Жәмішжанов