Марстан адам қоқысы табылды

Марстан адам қоқысы табылды
Фото: NASA

Perseverance ровері Қызыл планетадан адам қоқысын тапты, - деп хабарлайды Science Alert.

Ровер кратердің Марстағы ландшафтын зерттеп жүр. Осы аптада Perseverance тобы Қызыл планетадан аномальды төменгі температурадан қорғайтын жылу көрпесіне ұқсас нәрсені байқаған.

"Бұл заттың осы жерден табылғанына таңбыз. Бұл қайдан пайда болды? Біз әзірге нақты жауабын білмейміз", - деді NASA. 

Сонымен қатар, Марстан басқа да қоқыстар табылған. Сәуір айында Ingenuity тікұшағы ғарыш қоқысын суретке түсіріп алған.

©NASA

М. Жәмішжанов