Нұр-Сұлтан әуежайы Орталық Азияда ең үздік деп танылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы World Airport Awards таңдауы бойынша Орталық Азия/ТМД-дағы ең үздік әуежай деп танылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Бұл марапат Париждегі ЭКСПО жолаушылар терминалында тапсырылды. 

"Біз Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын құттықтаймыз. Кейінгі екі жыл әуежайлар үшін оңай болмады. COVID-19 және саяхатқа деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты көптеген шектеулермен күресуге мәжбүр болдық. Әуе тасымалдары қалыпты деңгейге тез оралғандықтан, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ең жоғары стандарттарды қамтамасыз ету міндеті жүйелі түрде шешілді", - деп атап өтті Skytrax ұлыбританиялық консалтинг компаниясының бас директоры Эдвард Плейстед.

World Airport Awards - бұл сегіз ай бойы талданатын жыл сайынғы жаһандық сауалнама. Бұл сыйлық 100-ден аса елдің тұтынушыларының таңдауы бойынша тағайындалады.