CTS Нұр-Сұлтанда LRT желісі бойындағы жұмыстар бойынша түсінік берді

CTS Нұр-Сұлтанда LRT желісі бойындағы жұмыстар бойынша түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби Плаза" кешені маңындағы LRT желісі бойында автомобильдерге арналған жол жолақтары қайтарылып жатыр. Бұл ақпаратты City Transportation Systems (CTS) баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компания учаскеде жоспарлы жол жұмыстары жүргізіліп жатқанын білдірді.

"Сығанақ көшесінде ("Абу-Даби Плаза" ғимаратының жанында) кептелісті азайту мүмкіндігін арттыру мақсатында жоспарлы жол жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады CTS баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

 
Сонымен қатар, CTS LRT тіректерін бөлшектеу жұмыстары жоспарда жоғын айтты.

М. Жәмішжанов