"Кино көргендей болдық". Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секіріп аман қалды

"Кино көргендей болдық". Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секіріп аман қалды
Фото: Видеодан алынған

Ақтөбеде биік қабаттан секіріп өлгісі келген ер адам аман қалды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы

Телеарна мәліметінше, оның тек шынтағы шытынаған, сүйегі сау.

Ақтөбедегі үй тұрғындарының айтуынша, олар кино көргендей болған. Кешқұрым аулада адам көп жиналған. 5-қабаттың терезесіне шығып алған 44 жастағы азамат айқайлап, секіріп өлгісі келетінін айтқан.

Құтқарушылар ер адамға көмектесу үшін өртсөндірушілер сатысын да жеткізген. Алғашқыда көнгендей болып, пәтерге кіріп кеткен. Кейін қайта шығып, терезеден төмен қарай секірген.

Ер адам Алға ауданының тұрғыны екен. Ол осы үйдегі тұрғынның пәтерін жөндеп беруге келген.

"5-қабаттан секіріп кетті. Дене жарақаттарын алып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Орташа дәрежеде мас болғаны анықталды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ж. Қадыржанова