Жаңаөзен тұрғындары әкімдік алдына наразылыққа шықты

Жаңаөзен тұрғындары әкімдік алдына наразылыққа шықты

Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар, оның ішінде "БатысГеофизСервис" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері әкімдік алдында наразылыққа шықты, - деп хабарлайды lada.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, халық жұмыссыздықтан шаршаған. Олар жергілікті билік биыл қаңтардан бері ештеңе істемегінін айтып шағымданады.

Айта кетейік, қаңтарда наразылыққа шыққан "БатысГеофизСервис" ЖШС қызметкерлері жұмыстан шығарылған болатын. 

Олардың айтуынша, наразылыққа шыққандарға әкімшілік пен полиция өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аумақты босатуды талап етті. Халық шенеуніктерден өз мәселесін шешеміз деп ешқандай уәде алған жоқ.

"Бұл қашанға дейін созылатынын білмейміз. Біздің мәселемізді шешкенше бәрі де соңына дейін тұруға ниетті", - дейді ашулы жұрт.

Облыстық әкімдік lada.kz басылымының журналистеріне түсініктеме беруге уәде берді.

Ал наразылыққа шыққан жаңаөзендіктер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа видеоүндеу жасады.

Г. Досымшалова