"Ішінен ұрған". Ақтауда қызын өлтіріп алған әйел сотталды

"Ішінен ұрған". Ақтауда қызын өлтіріп алған әйел сотталды
Фото: көрнекі сурет/vestikavkaza.ru

Ақтауда қызын сабаймын деп өлтіріп алған әйел сотталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Істі Ақтау қалалық соты қарады. Айыпталушы - қайтыс болған қыздың анасы. Оған "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айып тағылған.

Сот мәліметінше, биыл 4 қаңтарда әйел қызын ұрып, кейін күшпен итеріп жіберген. Осы кезде бала үстелдің бұрышына соғылып, ішінде гематома пайда болған. Төрт күннен кейін түнгі екіде анасы қызының ішінен тағы да жұдырықпен ұрған. Кейін өзі кетіп қалып, қызы үйде қалған. Екі жарым сағаттан кейін бала алған жарақатынан қайтыс болған.

Прокурор айыпталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот әйелді кінәлі деп танып, оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Д. Шәріпхан