Хабар-ошарсыз кеткен: Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған

Хабар-ошарсыз кеткен: Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған
Фото: Видео кадры

Шымкентте көпбалалы әйел 9-қабаттан секірмек болған. Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды, - деп хабарлайды OTYRAR.

Басылым мәліметі бойынша, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырында көпбалалы әйел өзіне қол жұмсамақ болған. Оны көргендер дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дер кезінде қайғылы оқиғаның алдын алған.

"Ол жерге барып, әйел секірмек болып тұрғанын көрдік. Жігіттермен шатырға шықтық, бізге жақын тұр екен. Басында сөйлесіп көрмек болдық, бірақ пайда болмады, ол секіруге шақ тұрды. Көйлегінен ұстап, өзімізге қарай тартып алдық, кейін ол жұлқына бастады", - деді полиция қызметкері Сұңғат Әбілов.

Полицейлердің айтуынша, әйелдің бұл әрекетке баруына күйеуімен жанжалдасып қалуы себеп болған. Әйел күйеуімен ұрысып қалғанын, сондықтан өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан.

"Оны тыныштандырып, дәрігерлерге тапсырдық. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, біздің міндетіміз құтқару, адам өмірін сақтап қалу үшін бәрін жасау. Осыдан кейін оны полиция бөліміне апардық, ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен екен. Оның күйеуі де полиция бөліміне жеткізілді, қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр", - дейді полицей Сұңғат Әбілов.

Д. Шәріпхан