Нұр-Сұлтанда 5G желісі сынақтан өткізілді

Нұр-Сұлтанда 5G желісі сынақтан өткізілді

"Қазақтелеком" мен Huawei Нұр-Сұлтанда мобильді байланыстың бесінші буыны 5G желісін сынақтан өткізді. Тестілеу байланыс саласындағы өңірлік достастығының 55-ші кеңесінің және 25-ші ТМД мемлекеттердің ақпараттандыру саласын бойынша үйлестіру кеңесінің аясында өтті.

Презентацияда 5G стандартындағы мобильді байланыстың артықшылқтары көрсетілді. Сондай-ақ өткізгіш қабілетінің шекті көрсеткіші демонстрацияланып, 5G-ді қабылдайтын смартфон көмегімен цифлы қоңырау шалынды.

5G DC (Dual Connectivity, 5G+LTE-мен бірлескен) режимінде шекті жылдамдық секундына 1,8 гигабитқа дейін жеткен, ал орташа жылдамдық – секундына 1,34 гигабит. Салыстыру үшін айту керек, қазіргі 4G жүйесіндегі жылдамдық – секундына 20-30 мегабит.

"Қазір "Қазақтелеком" компаниясының байланыс мүмкіндігіне негізделген 5G сегментінің коммерциялық демонстрациясы өтіп жатыр. Өзім ұнататын мына мысалды айтып берейін: 5G-ді қолданғанда сіз "Тақтар ойынының" үш маусымын үш-бес минутта жүктей аласыз. Жергілікті тұрғындар үшін 5G айсбергтің шыңы болып көрінуі мүмкін. Бұл жүйе IoT желісі мен өндіріске негізделген. Яғни бірнеше жылдан кейін 5G жүйеде пилотсыз автомобильдер, ақылды техникалар, ақылды шахта, карьерлер сияқты түрлі өндіріс құрылымдары жұмыс істей бастайды. Егер бұрын біз болашақ туралы тек ойлап қана қоятын болсақ, қазір сол болашаққа апаратын жолға қол жеткізіп отырмыз", - дейді Huawei-дің MBВ-сарапшысы Дмитрий Конарев.

Сарапшының айтуынша, алдыңғы байланыс буындарына қарғанда 5G техникалық тұрғыда өте қарапайым. "Стандарт күрделенгендей көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Базалық станцияның монтажына небәрі екі сағат кетеді және оған екі инженер жеткілікті. Жүйе өрістеу, оңтайлану және жоспарлау жағынан оңайлатылған. Мұның барлығы 5G-ге орнатылған жасанды интеллектінің арқасы", - дейді Конарев.

Қазір 5G коммерциялық тұрғыда Оңтүстік Корея, Қытай сынды 36 мемлекетте қолданылады және ондағы қолданушылар мобильді байланыстың бесінші буынын қолданатын мүмкіндікке ие болып отыр. Қазақстандағы коммерциялық жүйеге келетін болсақ, өткізілген тесттің нәтижелеріне қарап, желіні таратуға мүмкіндік бар екені анықталды.

"Біз бұған дейін бірнеше тест өткіздік. Бұл – биылғы бесінші тестілеу. Тестілеу кезінде біз түрлі жиілік диапазондарын әртүрлі орындарда, әртүрлі ғимараттарда қолданамыз. Барлық тест аяқталған соң, кезең-кезеңімен орнату процесі басталады", - деді "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Сарапшылардың мәлімдемесіне сүйенсек, жаңа 5G стандартын толық дайын деуге болады. Яғни, қазір нарықта 5G чиптері, смартфондар, модемдер бар. Мысалы Huawei-дің  Mate X; Mate20 X смартфондары, 5G CPE Pro роутерлері бар.

Серіктес материалы

Massaget.kz