Cadillac алғашқы электромобильді көлігін шығарады

Cadillac автоконцерні алғашқы электромобильді автокөлігін шығарады. Компанияның медиа қызметі ерекше дизайндағы темір тұлпардың суретін жариялап үлгерді.

Электромобильді автокөлік қалай аталатыны жайлы әзірге хабарлаған жоқ. Техникалық мүмкіндіктері де белгісіз. Дегенмен сарапшылар 7 адамға арналған кроссовер үлгісіндегі көлік Tesla Model X пен Audi e-tron электрокарларына басты бәсекелес болады деп бағалауда.

"EV Cadillac кроссовер үлгісіндегі көліктерді мінетін жандардың жүрегін жауларына сенемін. Ол сатып алушының кез келген талғамына сай болады", - дейді Cadillac президенті Стивен Карлайл.