Миллиардер Дональд Трамптың бизнес туралы қанатты сөздері

Миллиардер Дональд Трамптың бизнес туралы қанатты сөздері

Дональд Джон Трамп — аты бүкіл әлемге танымал америкалық миллиардер. Ол АҚШ-тағы құрылыс бизнесінің көшбасшысы Trump Organization және әлемнің көптеген ойын-сауық орталықтарын біріктіретін Trump Entertainment Resorts компанияларының негізін қалаған. 1946 жылы дүниеге келген Дональд тележурналистикада "Үміткер" деп аталған реалити-шоудің жүргізушісі әрі продюсері ретінде аты шыққан.

Қонақ үйлер салумен айналысып, кейіннен казино мен әуе қатынастары салаларында бағын сынайды. Сонымен қатар, алып Нью-Йорк қаласында «Трамп-тауэр» сынды бизнес кеңселерді салдырады. Бизнестің көзін жастайынан білген америкалық азаматтың өз тәжірибесінен айтылған қанатты сөздерін ұсынамыз.

***

Ойлау қабілетіңіз бар екен, шексіз ойлаудан жалықпаңыз!

***

Жетістікке жету үшін ғаламның 98 пайыз тұрғынынан арылуыңыз керек.

***

Өмір маған ең маңызды сабағын берді: Сізді қиын жағдайда жалғыз қалдырған адамды кешіруге болмайды. Ол сізді тағы да алдауға дайын.

***

Миллиардерлер үшін жұмыс пен ләззат алудың еш айырмашылығы жоқ.

***

Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.

***

Өз дәрежеңе жараса шайпұл тастамау сәтсіздіктің белгісі.

***

Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.

***

Әрқашан өз ашуыңыздың себебін анықтай біліңіз. Дегенмен оның жұмысқа қатысы бар болса, тек жағдайдың қаншалықты күрделі екенін білдіреді.

***

Бизнесте қатал немесе аз сөзді болғанша батыл, тіпті арсыз болған ұтымды.

***

Шын мәнінде менің компаниямда жұмыс істегісі келмейтіндердің болуын қаламайтынмын. Ендеше сізге де өз жұмысыңыз ұнамаса, кеткеніңіз жөн.

Сурет: xn--1-itbudfo4h.xn--p1ai

Оқи отырыңыз: 

Роберт Кийосакидің қанатты сөздері

Өзімізге деген сенімді арттыратын қанатты сөздер

Чеховтың қанатты сөздері

Гетенің қанатты сөздері

Ж. Өрісбай