- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Цукерберг бір күнде...
Цукерберг бір күнде 6 миллиард долларынан айрылды
Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг 19 наурыз күні 6 миллиард доллар ақшасынан бір күнде айрылып қалды. "CNBC"-дің мәлімдеуінше, Facebook акцияларының бағасы 19 наурыз күні 8 пайызға түсіп кеткен.
Бұған себеп, демалыс күндері Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген «Cambridge Analytica» ақпараттары себеп болып отыр. Олар әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басына қатысты мәліметтерді тексерген. Осының салдарынан Цукерберг 6,06 миллиард доллар ақшасынан айрылып отыр.
Ол «Bloomberg» статистикасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың төртінші сатысына жайғасқан. Цукербергтің алдында Джеф Безос, Билл Гейтс, Уоррен Баффеттар бар.
Facebook "Cambridge Analytica"-ға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып ақталып отыр. Осыған қарамай көптеген танымал адамдар, атап айтқанда, америкалық саясатшылар бұл дауға өз пікірін білдіріп жатыр.
АҚШ Демократтар партиясының өкілі сенатор Марк Уорнердің мәлімдеуінше Facebook-тің саясаты "жабайы батыс" дәуірін еске салуда. Сонымен бірге, "Cambridge Analytica"-ға ақпараттарды "Global Science Research" фирмасының негізін салған өз қызметкерлері Джозеф Канселлор, Александр Коган жеткізіп тұрған. Хабарларға қарағанда, Facebook қауіпсіздік бөлімінің басшысы Алекс Стамос мерзімінен бұрын жұмыстан кетуі мүмкін.
Т. Раушанұлы