Apple жыл соңында үш жаңа смартфонын шығармақ

Apple жыл соңында үш жаңа смартфонын шығармақ
Фото: TechSpot

Танымал Apple корпорациясы 2018 жылдың соңына қарай iPhone смартфондарының жаңа үш үлгісін нарыққа шығаруды жоспарлады, - деп жазады Bloomberg ақпарат агенттігі.

Басылым ақпараты бойынша жаңа смартфондардың арасында iPhone X-тің жаңартылған нұсқасы және негізгі модельдің арзандау нұсқасы болады.

Корпорация экраны ең үлкен iPhone смартфонын шығаруы да мүмкін. Оған екі sim-card салынатын көрінеді. Әзірге бұл смартфонға қатысты корпорация мамандары нақты шешім қабылдамаған.

Жыл соңында шығатын смартфондар жаңа операциялық жүйе (iOS 12) бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, жексенбі күні Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы жаңа Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарын таныстырған болатын. 

Н. Үсенова