Samsung Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарын таныстырды

Samsung Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарын таныстырды
Фото: 24Gadget

Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы жаңа Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарын таныстырды. Салтанатты шара Барселонадағы Халықаралық мобильді конгресс кезінде өтті.

Жаңа смартфондар дизаинында осыған дейінгі үлгілерінен айырмашылықтар бар. Артқы бөлігіндегі элементтер (камера, жарық шамы, саусақ ізі сканері) тігінен орналасқан. 

Galaxy S9 және Galaxy S9+ смартфондарының дисплейі тиісінше 5,8 және 6,2 дюймге тең. Экран ажыратымдылығы - Quad HD+ (1440 х 2880 пиксель). Оперативті жады 4 және 6 гигабайттан. Екі смартфонның да жады - 64 гигабайт. Сондай-ақ microSD салынады.

Жаңа смартфондарда суретке түсіру мүмкіндіктері артқан. Dedicated Fingerprint фнкциясы жұмыс жасайды. Бұл функция арқылы саусақ ізі сканерінің жұмысы дамытыла түскен. Сондай-ақ смартфондарда алғаш рет SmartThings бағдарламасы орнатылған. Бұл бағдарлама арқылы үйдегі кей техникаларды (теледидар, кір жуатын машина, т.б.) басқаруға болады.

Samsung компаниясының жаңа смарфондары 19 наурыздан бастап сатылымға шығады. Кіші модельдерінің бағасы - 342 000 теңге, үлкен модельдерінің бағасы 382 000 теңге көлемінде болады деп болжануда.

Ө. Сансызбай