Жапонияда өздігінен жүретін "ақылды" сүйретпелер жасалды

Жапонияда өздігінен жүретін "ақылды" сүйретпелер жасалды
Фото: data24.co.il

Технология саласынан әлемде алдыңғы орында келе жатқан Жапония елі таңғалдырудан жалыққан емес. Жапондық Nissan компаниясы бұл жолы өздігінен жүретін "ақылды" сүйретпелер жасап шығарды.

Идея авторларының айтуынша, олар дәстүрлі жапон қонақжайлығын жоғары технологиямен үйлестіре білген. Түймені басқаннан кейін сүйретпе қонақ бөлмесінің кіреберісінде жылжи алады. Сенбесеңіз, видеодан көріңіз. Видео Nissan-ның YouTube арнасында жарияланды.

Видеодан байқасаңыз, келушілер сүйретпелерді қалаған жеріне шешіп тастап кете алады. Ал, сүйрептелер дәлізде арнайы орнатылған түймелер арқылы басқарылады. Енді жапондық Ryokan қонақүйінде "ақылды"  сүйретпелер алдын ала дайындалған жүйе бойынша өзінің нақты қай жерде тұратын орнын біліп, өздігінен жылжи алады. 

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарының президент әкімшілгі және президент Дональд Трамп 2025 жылға қарай Халықаралық ғарыш станциясын қолдау туралы бағдарламаны қолдауды үзілді кесілді жоққа шығаруға үкім шығармақ.

Ж. Жұмағұлов