Samsung смартфон қуаттауға арналған свитерді паттенттеді

Samsung смартфон қуаттауға арналған свитерді паттенттеді
Фото: VistaNews.ru

Технологияның дамуы бүгінгі ғалымдар мен адамзаттың басты мәселесіне айналды. Өнімді өндіру, жаңа нәрселер ойлап табу, өзгеден ерекшелену сынды түрлі жоспар бойынша жұмыс жасап жатқан компаниялар, өндіріс орындары көп.

Соңғы кездері шығып жатқан ақылды гаджеттердің сатылу және пайдаланылу көрсеткіші рекорд орнатып келеді. Олардың көп функционалды жұмыстары жан-жақты талқыланып, қазірдің өзінде түрлі нұсқалары пайда болып жатыр. Солардың бірі Samsung ұсынып отырған смартфонды қуаттауға болатын свитер.

Бұл туралы нақты ақпарат Халықаралық патенттеу бюросының сайтында жарияланды. Олардың ойлап тапқан свитерлері денеңізді жылы ұстап қана қоймай, қолыңыздағы смартфонды қуаттап жүруге арналған функцияларымен ерекшеленеді. Ең қызығы бұл свитер дене температурасының ыстығымен қуат алады.

М. Ақан