Мамандар 2017 жылдың ең үздік смартфондарын атады

Мамандар 2017 жылдың ең үздік смартфондарын атады
Фото: primerahora.com

TechRadar сарапшылары 2017 жылы үздік смартфондар рейтингін шығарды. Тізімге 15 гаджет кірді. Олардың ішінде көшбасшылар Samsung Galaxy S8 смартфоны және Galaxy S8 Plus болды.

«Нарықтағы үздік камералар және керемет дисплей» деп белгіленген Google Pixel 2 смартфоны үшінші орыннан көрінді. Сенсациялық жаңалық, Apple компаниясының өнімдері көшбасшылар рейтингіне енбей қалды. 

IPhone 8 Plus смартфонына келетін болсақ, ол «сымсыз зарядтау, қуатты батарея, ескірген дизайн және жоғары құны» үшін тоғызыншы қатарда болды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы ең көп сатылған смартфон – іРhone 7. Тізімдегі екінші орынды гаджеттің «үлкен ағасы» – іPhone 7 Plus алды. Samsung пен Galaxy Grand Prime Plus үшінші орынға жайғасты.

Ж. Жұмағұлов