Виртуал әлемге саяхат жасаймын десеңіз

Виртуал әлемге саяхат жасаймын десеңіз
Фото: https://hi-news.ru

«Онлайн семсер шеберлері» (Мастера меча онлайн) анимесін көріп, шіркін, осындай мүмкіндік қашан туар екен деп күтіп жүрген жандар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Жасанды әлемнің есігін қағатын күн алыс емес.  

Мюнхен қаласындағы жас стартап HolodeckVR виртуалды әлемді өзіне бағындыру кезінде көп адам бір уақытта қолдана алатын жаңа технологияны ойлап тапты. Бұл онлайн, әсіресе RPGбағытындағы ойындар таптырмас құрылғы болғалы отыр. 

Технологияны жасаушылар өздерінің Fraunhofer IIS институтында бірге жұмыс жасайтын тобымен таныстырды. Олардың сөздеріне сенсек, бұл құрылғы онлайн ойындарды сезінуге мүмкіндік береді.

Қазір құрастырушылар технологияны әрі дамытуға кажет қаражатты іздестіру үстінде. Оның қашан қолданысқа берілетіні белгісіз. Бағасы туралы да айту әзірге ерте.

HolodeckVR — көп қолданушыны керек ететін жасанды әлемге арналған технологияны жасап жатқан жалғыз құрастырушылар емес. Өткен жылы Нолан Бушнеллдің компаниясы осыған ұқсас құрылғыны жасаған болатын. Бірақ, оның қуанышты хабары әрі қарай өрбіместен қалып қойды.

Т. Есқали